Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент жастары студентті ұрып ит пен малдың кейпіне енуді бұйырған (видео)

Шымкентте колледж студенттері қатарластарын ұрып, намысын қорлайтын сөздер айтқан. Ол аздай, оны мазақ қылып, бұл сәтті видеоға түсіріп алған.

Shymkent izbienie_040217

“Отырар” басылымы видеодағы жайтқа қатысты кейбір деректерді анықтады.

Басылымның хабарлауынша, видео колледжді «қарайтын» бұзақының жақын досына бағытталған. Видеоның басында студент төменгі курста оқитын білімгерлерден ақша алғанын мойындайды. Ол ақшаны бір күнде қайтаратынын айтып уәде береді.

 

Видео авторы әркім өз ісіне жауап беруі керектігін айтады. Ол жігітті тізерлеп тұруға, одан кейін қой ұқсап маңырауға, өзінің хайуан екенін айтуға мәжбүрлейді. Одан кейін студент бөлмеде төрт аяқтап жүріп, иттің образын салады. Ол аздай әлімжеттік көрсетушілер бастан-аяқ оны балағаттап, қорқытады.

Жас жігітті қорлау сәтінің қорқыныштылығы соншалықты, редакция ол видеоны толық жарияламауды құп көрген.

Айта кетейік, ОҚО ІІД аталған видеоны тексеріп, тергеу жұмыстарын бастады. Оның нәтижесін жақын күндері білетін боламыз.

Назар аударыңыздар! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өрт кезінде мерт болған ғалымның туыстары іздестірілуде

Алтыншы баласын босанғалы отырған алматылық келіншекті үй иесі пәтерден қуып жатыр

Ақтөбе имамдары ас беру кезінде жайылатын дастарханның жалпыға ортақ мәзірін бекітпек

Оқушымен жақындасқаны үшін қызметінен кеткен мұғалім өзге мектепке орналасқан

Талқылау