Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналистер көшеде ақша таратқан жігітті тапты

Желіде үстіне ақша жабыстырып, мұқтаж жандарға алуды ұсынған жігіттің суреті қызу талқыға түскен еді. Ақырында журналистер жомарт жігіттің кім екенін анықтап, оны тауып алды.

Screenshot_18

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Мұқтаждарға ақша тарат» науқаны Алматы көшелерінде де жүргізілді. Халықаралық флешмобты ресейлік еріктілер бастаған болып шықты. Оның мән-мазмұны да сол, көмек көшеде кетіп бара жатқан жандарға ұсынылады, ал оның мұқтаж не мұқтаж емес екенін адамның өзі шешеді.

Көпшілік оның идеясын құптап, астаналық пранкермен суретке түсуге асықты.

Бұл жағдайды өзінің пайдасына асырып алғандар да табылды.

Еріктілер жас жігітті тегін ақшаға кенелуді көздегендерденқорғап қалуға да тырысты. Андрей Лобановтың «ақшалы» күртешесінде бас-аяғы 17 мың теңге болған. Бір сағатқа жетпей оның жартысынан астамы жоқ болды. Алайда Андрей бұл науқанды соңына дейін жүргізе алмады. Себебі ұлттық гвардия қызметкерлері оның әрекетінен тәртіпке қайшы нәрсе тапты.

«Ақырында олар өздерімен бірге баруды өтінді. Үш бригада, 11 адам болды. Капитан бұл үгіттік құқық бұзушылық деді. Бізді секта мүшелері деп атап, ақшаны ұрлап алған деп айыптады», – Андрей Лобанов.

Одан кейін тәжірибелік әрекет өз жалғасын тапты. Кейбіреулер тез арада ақшаны шешіп алып, кетіп жатты. Көбінесе адамдар ақшаны нан алуға және жол ақысын төлеуге алып жатты.

Ал алматылық такси жүргізушісі ақша алудың орнына, жігіттің үстіне жабыстырып кеткен. Ол да мұқтаж жандарға көмектесуді ұйғарыпты.

Мұндай флешмоб Украина, Шешенстан, Молдова, тіпті, АҚШ елдерінде жүргізілген. Ақшаны еріктілердің өздері жинайды. Пранкерлер бұл жерде ешқандай коммерция жоқ деп отыр.

Айтпақшы науқан әлі де өз жалғасын табады. Сондықтан көшеде ақшалы жігіттің көрсеңіз, таңғалмаңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Алтыншы баласын босанғалы отырған алматылық келіншекті үй иесі пәтерден қуып жатыр

Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды

Шымкент жастары студентті ұрып ит пен малдың кейпіне енуді бұйырған (видео)

Ақтауда сарбаздардың өліміне кінәлі деп танылған 6 әскери ерте босап шықты

Талқылау