Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізушінің өзі көлік астына түсіп қаза болды

“Нива” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, көмектеспек болғанда, жол талғамайтын көліктің астына түсіп, қаза тапты.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, тиісті емес жерден жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші “Нива” көлігінің алдына шыға келген. Тоқтап үлгермеген жүргізуші кісіні қағып кетеді, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қаққан бойда, жаяу жүргіншіге көмектесу үшін, жүргізуші көліктен атып шығады. Сол кезде жолда келе жатқан  Land Rover Freelander Нива жүргізушісін қағып өлтірген.

“Нива” көлігінің астына түскен жаяу жүргінші, әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтайды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде сотталушы анасының бейітін іздеу үшін түрмеден қашқан

Ақтөбеде мектеп басшылығы хиджаб кигендерді озат оқушылар тізімінен алып тастаған

Өрт кезінде төрт бірдей жақынынан айырылған Қарағанды тұрғыны оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Талқылау