Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт кезінде төрт бірдей жақынынан айырылған Қарағанды тұрғыны оқиғаның қалай болғанын баяндап берді

Қарағанды облысында өрт салдарынан бір отбасыдағы төрт адам ажал құшты. Олардың бірі 63 жастағы зейнеткер болса, қалған үшеуі 2 , 3 және 5 жастағы бүлдіршіндер. Көршілер тапа-тал түсте үйден шыққан өртті көріп, іштегілерге көмек беруге тырысқан. Алайда түтінге тұншыққан төртеуді құтқару мүмкін болмады, деп хабарлады КТК арнасы.

“Бір жігіт жүгіріп келіп мына есікті сындырды. Оның артындағы екінші есікті де жұлып алдық. Түтін шығып жатқан жерге жер бауырлап жеттім. Тұруға мүмкіндік болмады. Бірақ қара түтіннен ешкімді көре алмай, өзім қайтадан әрең шықтым. Одан кейін дем алып ап қайта кіргенде екі баланы таптым”, – дейді оқиға куәгері Әлихан Ғайнуллин.

2 жастағы София мен 5-тегі Илья бір төсектен табылғанда тірі еді дейді оларды құтқаруға талпынған тұрғындар. Алайда ауруханаға барар жолда екеуінің де демі үзіліпті. Кейін құтқарушылар 3-тегі Артемнің өлі денесін тапқан. Болжам бойынша олардың барлығы ұйықтап жатқан күйі тұншыққан. Үйдің отанасы екі жиені мен ұлын өгей әкесімен қалдырып, жұмысына кеткен екен.

“Жүгіріп келсем, балам мен бір немеремді ауруханаға алып кетті деді. Кейін кенже немеремді көрсетті. Орамалға орап, бетін жауып қойған екен. Төбемнен жай түскендей күйде болдым. Өрт неден шықты десем, электр сымдары жанған деді”, – дейді Ирина Шейпер.

Алайда өрт сөндірушілер  басқа пікірде. Айтуларынша, оттың электр сымынан тұтануы мүмкін емес көрінеді.

“Өрттің жалпы көлемі 70 шаршы метр жерді құрады. Өрт сынақ зертханасы мамандарының болжамы бойныша от ашық түрде шыққаны анықталды. Ол темекі сіріңке және тағы басқалары”, – дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Ал қара жамылған ана қалған алты баласымен көршінің үйін пана қып отыр. Барар жер, басар тауы жоқ жағдайы нашар отбасының тіпті 4 бірдей өлікті жерлеуге де қаражаттары жоқ екен.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда табылған егіз баланың өліміне күдікті ата-анасы өзіне қол салмақ болған

Алматыдағы егіз балалардың өлімі: Ата-анасының аман қалған үлкен ұлының тағдыры не болмақ

Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40 оқушы сабаққа бармай жүр

Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты

Талқылау