Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты

Сәрсенбі, 15 Қараша , 2017 17:32

Синоптиктер қараша мен желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Елімізде 20 қарашадан бастап айдың соңына дейін күн жылы болады. Синоптиктердің мәліметінше, жоғары ауа температурасы Ираннан келіп жатқан ауа массаларымен байланысты.  “Бірақ келіп жатқан массалар қар, тұман, көктайғақ, жел және солтүстік аумақтарға боран әкелуі мүмкін. Дегенмен тропосфералық ағындардың басым бөлігі батыс жаққа қарай кетуіне байланысты ауа температурасы аса өзгермейді. Қалыпты нормадан 2-5 градусқа жоғары болады”, – деді синоптиктер.

17 қарашада Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлеріне Солтүстік Сібір аудандарының ылғалды ауа массалары келіп, күн салқындай бастайды: қар, тұман, көктайғақ пен боран күтіледі. Ауа температурасы 0-5 градус аралығында. “Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 18-19 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болып, тек солтүстік-шығыс ауамқтарда қар, секундына 15-23 метрге жететін жел болуы мүмкін. Ал 20 қарашаға қарай күн қайта жылынады”, – деп хабарлады “Қазгидромет” өкілдері.

Ал желтоқсанда еліміздің солтүстік-шығысындағы ауа массалары салқын әкеледі. Қазақстанның тек батыс өңірлерінде ауа температурасы климатттық нормадан жоғары болады. “Жауын-шашынның нормадан тыс мөлшері батыс және солтүстік өңірлерде, сондай-ақ, Қазақстанның таулы аймақтарында жауын-шашын нормадан жоғары болады. Ал қалған аумақтарда ауа температурасы климаттық нормадан төмен”, – деді синоптиктер.

Тағы да оқыңыз:

Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Тіл білімі институтының директоры: Латын әліпбиіндегі апострофты алып тастауымыз мүмкін

Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар