Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жатақханада босанған студент сәбиін қоқысқа тастаған

Алматыда 18 жастағы студент жатақханада босанып, артынша баласын қоқыс жәшігіне лақтырған. Тыныс алып жатқан сәбиді жаяу жүргіншілердің бірі байқап қалған.

toshnota-vo-vremja-beremennosti

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, сәби қоқыстан таңғы сағат 6 шамасында, Төле би және Байтұрсын көшелерінің қиылысынан табылған. Кездейсоқ жүргінші бірден полицияға хабар беріп, артынша жедел жәрдем шақырған. Сәбидің кіндігі оралмаған екен.

Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары сәбидің анасын тауып алды. Ол 2-курста білім алып жатқан, Қызылорда қаласының тумасы болып шықты. Жағдайы тым нашар болғандықтан, бірден ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жас ана ешкімге айтпай өзі босанған. Ал сәбидің өмірін дәрігерлер құтқарып қала алмады.


Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде қытай сөмкесінен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда өз анасын аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Маңғыстау облысында пойыз ер адамды басып өтті

Теміртаулық өзін пәтеріне тіркемеген досының көзін әдейілеп шығарып жіберді

Талқылау