Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұйымдасқан топты басқарды деген күдікпен қырғызтандық экс-депутаты істі болды

Алматыда трансұлттық қылмыстық топқа қатысты басты сот процесі басталды. Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан топты Қырғызстан Жогорку кенешинің экс-депутаты Дамирбек Асылбекұлы құрып басқарған.

Ақпанда арнайы операция кезінде қолға түскен 12 күдіктінің 3-еуі Қазақстан азаматы екен. Оларға қандай айыптар тағылып отыр?. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алматыда басталған бұл сот та қоғам назарында болатын процестердің біріне айналатындай.
Өйткені, қылмыстық іс 100 томнан асып жығылады. Прокурорлар айыптау қортындысынмен таныстыруды таңертең бастап, тек түстен кейін ғана оқып бітірді. Заң алдында Қырғызстан Жогорку кенешинің экс-депутаты Дамирбек Асылбекұлы мен оның 11 сыбайласы жауап беруде. Тергеу мәліметінше, Дамирбек Асылбекұлы трансұлттық қылмыстық топты құрып, оны басқарған. Сөйтіп,
Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресей аумағына контрабандалық жолмен халық тұтынатын тауар тасылмалдаумен айналысқан. Олар тауарларды кедергісіз өткізу үшін ірі көлемде пара берген.

“8 ақпанда Қазақстан республикасына Асылбекұлының қылмыстық тобының контрабандалық тауарлары тиелген бірнеше көлік келіп жетті. Құжат бойынша аяқ-киім деп көрсетілген. Бұл тауарлардың электронды декларациялары мен өзге де жалған құжаттарын Бішкек қаласында брокер Войнова әзірлеп берген. Контрабандалық тауарлардың нақты құны 27 миллион теңгені құрап отыр”, – дейді айыпталушы.

Қос мемлекеттің азаматтарынан құрылған қылмыстық топ биыл ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған болатын. Мейрамханалардың бірінде жайбарақат ас ішіп отырған жерінен арнайы жасақ сарбаздары қолға түсірді. Тұтылғандар арасында кеден органдары мен шекара қызметінің лауазымды тұлғалары да бар. Күдіктілердің барлығы сырттан келетін контрабандалық тауарларды кедергісіз өткізуге жағдай жасағандар.

Бүгінгі сот отырысында сотталушылардың бесеуі кінәсін толығымен, екеуі ішінара мойындады. Алайда басты айыпталушы Дамирбек Асылбекұлы мен тағы алты сотталушы тағылған айыпты мойндаған жоқ.

12 сотталушының төртеуі Қызғызстан азаматтары. Айыпталушыларды қолдауға туыстарымен бірге Қырғызстан Жогорку кенешинің бірнеше депутаты да келіпті. Алайда барлығы бірдей сот залына сыймай қалды.

Халықаралық қылмыстық топтың ісін қарау бірнеше айға созылуы мүмкін. Қылмыстық іс 126 томға жеткен. Сот барысында 70 жуық куәгерден жауап алу көзделген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау