Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұлдарын асқан қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты жаңа деректер шықты

Қос ұлын өлтірген қанішерлер қылмысын жүзеге асыру үшін де арнайы үй жалдаған! Басында 1 және екі жастағы ұлдарын жылағаны үшін өлтірдік деген Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдинов, негізі қылмысқа тыңғылықты дайындалыпты. Қазір қанға малынған жалдамалы барақ қаңырап бос тұр. Ал, сәбилерді бұлай қинап өлтіруіне ақша тапшылығы да себеп болған деген болжам айтылуда. Азаматтық некедегі күдіктілердің екеуі де сол аудандағы дәмханалардың бірінде даяшы болып табыс тапқан екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

йцуцйуцйуйцуцйу

2016, 2017 жылы туылған Салауат пен Ринаттың жаны осы жерде, дәл мына үйде қиылған. Көрші-көлемнің айтуынша, тасбауыр ата-ана үйді тек 1 күнге әдейі жалға алыпты. Ал, ойлағанын іске асырған соң балаларды сөмкеге салып алып, бұл жерден із суытқан.

Күніне жалға берілетін үй қазір қаңырап бос тұр. Қанды қылмыстан кейін мұнда тергеушілерден басқа ешкім келмеген.Мәйітті арқалаған күдіктілердің пәтерден пәтерге қашып жүргені белгілі. Олардың өлген балалармен мына үйге де келген болуы мүмкін. Екеуі мұнда 1-2 ай бұрын көшіп келіпті.

«Мен бірінші, олар үшінші қабатта тұрды. Әйелдің тек бір баласымен жүргенін көрдім. Өте сабырлы адам екені байқалды. Бірақ, жақын араласқан жоқпыз», – дейді қылмыскерлердің көршісі Лидия.

Бұған дейін, балалардың жылап, мазаны алғаны үшін өлтірілгені айтылған. Енді, Анна Волченко мен Эмиль Гильмутдиновті мұндай қадамға жоқшылық итермеледі делініп жатыр. Өйткені, қылмысқа тыңғылықты дайындалған. Негізі, екеуінің де тұрақты жұмысы болыпты. Мына дәмханада даяшы болып істеген. Әріптестері екеудің мұндай қылмысқа барғанына сенер-сенбесін білмейді. Өйткені, балаларын жиі жұмысқа әкеліп, қамқор ата-ана болып көрінген екен. Осылай ағынан жарылған дәмханадағылар тек камера алдына келгенде күдіктілерді танымаймыз деп шықты.

Ағайынды сәбилер қыркүйектің жетісінде өлтірілген. Оның алдында қаскөйлер пәтер иесімен бірге тоқтаусыз арақ ішкен екен. Сол кезде балалардан құтылмаққа келіседі. Сөйтіп, Волченко үлкен ұлы Рамильмен бірге қыдыруға кеткен. Ал, Гильмутдинов оңашада жазықсыз балаларды өз қолымен тұншықтырып өлтіріпті.

«Олардың өз-өздеріне қол салғылары келген. Яғни, газдан уланбақ болыпты. Бірақ, бұлары іске аспай қалған. Сөйтіп, келесі күні тәртіп сақшыларына өз аяқтарымен келген», – дейді Эмиль Гильмутдиновтің адвокаты Амангелді Сәриев.

Қаскөйлер өз кінәсін мойындап отыр. Ал, тасбауыр ананың адвокаты оның қылмыс кезінде болмағанын алға тартып, үй қамақта ұстауды өтінген. Бірақ, кеше екеуі де 2 айға қамауға алынды. Айта кетсек, 2 баланың мәйіті 4 күн бұрын көпқабатты үйлердің бірінде тоңазтқыштан табылған болатын.  Оларды өлтірген 29 жастағы Өзбекстан азаматы мен оның азаматтық некедегі 34 жасар әйелі. Тіпті, бұл екеуі 2015 жылғы үлкен ұлдан да құтылмақ болған. Сөйтіп, оны қаладағы балалар алаңының біріне тастап кетеді. Құдай сақтап, бүлдіршінді полицейлер тауып алды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде жартылай қыз, жартылай жігіт болып өнер көрсеткен азамат «Жігіт сұлтаны» атанды

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) балаларға қоюға тыйым салған есімдер

Қойдың қарнын шар секілді үрлеп алып күлген қазақ жігіттері елдің ашуына тиді (видео)

Атышулы Мақсат Үсенов тағы да ұсталды

Талқылау