Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды өгей әкесі өлтірген болуы мүмкін

Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланың өліміне қатысты Өзбекстан азаматы ұсталды.

dvukh_podrostkov_zaderzhali_za_nadrugatelstvo_nad_14_letney_devochkoy

Көрнекі сурет

29 жастағы Өзбекстан азаматы көз жұмған балалардың анасымен азаматтық некеде болған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Полицейлер қайтыс болған балалардың анасы мен үлкен баласын іздеп тапты. Қазір жауап алынып жатыр, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтердегі тоңазытқыш ішінен екі баланың денесі табылды. Бірер күн бұрын көршілер пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезіп, полиция шақыртқан. Отбасы көзден ғайып болған соң көршілері үйді бұзып кірген.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда пішіні сопақ күміс тиындар айналысқа шықты

Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен

Жаңаөзенде директор хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды (видео)

Талқылау