Алматыда теледидар 15 жастағы баланың басына түсіп жарылып кетті (фото, видео)
Бүгін Алматыдағы “Көктем-1” ауданындағы пәтерлердің бірінде Samsung теледидарының кесірінен өрт шықты. Теледидар үйде жалғыз ұйықтап жатқан баланың басына түсіп жарылып кеткен.
Бұл туралы Әсем Жұма есімді қолданушы Фейсбукте жазды.
“Бүгін 13:00-де көрші пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оның ішінде 15 жастағы бала сырттан кілттеулі күйінде қалып кеткен”, – деп жазады ол.
Оның айтуынша, анасы дәрігерге кеткен кезде баласы үйде қалған. Оқиға орынына келген өрт сөндірушілер мен бала мен оның мысығын терезе арқылы шығарып алды.
“Теледидар жарылып кетіп, кереуетте ұйықтап жатқан баланың басына түскен. Ескі теледидарларды пайдаланбаңыздаршы. Сосын баланы ешқашан үйде құлыптаулы күйде қалдырмаңыздар”, – дейді ол.
“Өрт туралы хабарлаған екі баланың арқасында бәрі аман-есен аяқталды. Оларды табуға тырыстық. Олар бірінші қабаттағы кафе қызметкерлері шығар деп ойлағанбыз. Сөйтсек, олар сол кафеге келушілер екен”, – деді Әсем.
Оқи отырыңыз:
Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін
Астанада бойжеткен ішімдік алып бермеген ер адамды өлімші етіп ұрып тастады
Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке қоныс аударатын тұрғындарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?