Алматыда субұрқақтарды сақтап тұруға 260 миллион теңге бөлінген
Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде ашылды. 1 маусым күні қала әкімі Бауыржан Байбек Абай атындағы опера және балет театрының алдындағы субұрқақтың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет ilovealmaty.kz
Қазіргі таңда қалада 39 коммуналдық және 28 жеке субұрқақ іске қосылды. Қалған субұрқақтар 5 маусымға дейін қосылмақ. Коммуналдық субұрқақтардың жағдайы үшін осы жылы қалалық қазынадан 260 миллион теңге бөлінген.
Қаладағы алғашқы субұрқақ 1948 жылы Абай атындағы опера және балет театрының алдында пайда болған. Жалпы, шаһар аумағында 78 субұрқақ орналасқан болса, оның 46-сы – қаланың коммуналдық меншігіне кіреді, ал қалған 32 субұрқақ жеке иелікте.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"