Алматыда студент жігіт тағып жүрген тұмарының кесірінен ауырып асылып қалған
«Ол бізге жиен бала болады. Мектепті жақсы оқып, Алматыға грантқа оқуға түскен. ҰБТ тапсырардың алдында достарымен Түркістанға зиярат етіп барған екен.
Сол жерде сырты қара былғарымен қапталған тұмар сатып алыпты, деп жазады Замана газеті.
Оны мойнынан тастамай тағып жүрген. Көп ұзамай өз-өзінен мазасызданып, әлсіреп, азып, көздері кіртиіп, жағы суалып, азып кетті. Диагнозы да анықталмай қойды ғой. Әкесі бар пәле тұмардан келді деп, оны отқа тастаса жанбапты. Ашып қараса, ішінде адамның қара сұлбасы бар екен.
Адамдарға сенім жоқ, өздерінің ауруын тұмарға аударып, сатып жіберген ғой. Бала бәрібір оңалмады, оқуға кеткенде сол жақта асылып қалыпты. Киелі орындарға зиярат ете барғанда естелік болсын, әрі ішінде құран сөзі жазылған деп тұмарды көпшілігіміз сатып аламыз. Тұмармен қоса ауру арқалайтынымызды қайдан білейін?» – дейді бізге қоңырау шалған оқырман.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысында жас жігіт әйелімен ұрысып өз туған күнінде асылып қалған
Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)
Қайырымды жандар Шымкентте целлофан сатып күнелткен көпбалалы отбасына көмектесе бастады