Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда психиатриялық емханадан қашып кеткен 3 жасөспірімнің бірі табылды

Алматыда бір апта бұрын республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен үш жасөспірімнің біреуі табылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматыда психиатриялық емханадан қашып кеткен 3 жасөспірімнің бірі табылды

Бір апта бойы іздеуде болған жасөспірімдердің тек біреуі ғана табылды. Ол анасы дабыл қағып іздеген 14 жастағы қыз.

«Бұған дейін үйден шығып көрмеген 14 жастағы қыз табылды. Оның жағдайы жақсы. Жасөспірімнің анасы келіп, қызын емханадан шығарып алып кетті. Бірақ балалар үйінде тәрбиеленген екі бала табылмады. Олар әлі іздестірілуде», – деп атап өтті ғылыми жұмыс жөніндегі бас директордың орынбасары Қуаныш Алтынбеков.

Естеріңізде болса, өткен аптада Алматыдағы психиатриялық клиникада ерікті емделуден өтіп жатқан үш жасөспірім ауруханадан қашып кеткен болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау