Алматыда паркингте ер адамды аяғынан атып кетті
Алматыда қалалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі паркингте ер адамды атып кетті.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданы Тимирязев көшесінде 23 қаңтар күні болды.
«Бостандық аудандық ІІБ Алматының 1983 жылғы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жапа шегуші аяғынан жараланып, ауруханаға жатқызылды. Оның өміріне қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша олар өзара жанжалдасып қалған», – деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебі, оқ атқан адамның кім екені анықталып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанай облысында ер адам екі әйел мен 14 жастағы қызды зорлап тастамақшы болды
Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды (видео)
Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр
Талқылау