Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өз анасын аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Алматыда анасын аяусыз сабап тастаған ер адамға сот үкімі шықты.

1482230741_i-2

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Өткен жылдың қыркүйек айында 49 жастағы ер адам өз анасының үйіне барады. Ішіп алған ер адам мен анасының арасында ұрыс пайда болып, ақырында ол анасының басынан бірнеше рет ұрған. Жанжал кезінде терезе шынысы да сынады. Мұны көрген көршісі, үйге келеді. Еденде қан-қан болып жатқан әйелді көріп, ол бірден жедел жәрдем шақыртады.

Ал айыпталушы болса үйге келген дәрігерлерді анасына қарай кіргізбеуге әрекет жасайды. Жедел жәрдем өкілдері әйелдің көршісінің арқасында үйге кіреді.

Әйел өзіне келген дәрігерлерге: “Көмектесіңдер, ол мені ұрады” деп айтыпты. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, әйел қайтыс болады. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, әйел басынан ауыр жарақат алып, мидың жұмысына қысым келген.

Ал айыпталушы болса өз кінәсін мойындамай қойан. Ол сол күні анасымен ұрысқанын, бірақ үйден шығып кеткенін, ал келесі күні келген кезде анасын ауруханаға алып кетті дегенді естігенін айтады. Ол 2006 жылы осыған ұқсас қылмыс жасап 8 жылға сотталған. Бірақ, 1 жыл 10 ай уақыт бұрын 2011 жылы түрмеден шығарылыпты.

Ол сот шешімімен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 106 бабы 3 бөліміне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал анасымен ұзақ уақыттан бері байланысқа шықпаған, әйелдің Канадада тұратын екінші ұлы моральдық шығын ретінде ағасынан 35 млн теңге талап еткен. Сот оның өтінішін ішінара қанағаттандырып, 3 млн теңге төлеуге міндеттеді.

Оқи отырыңыз:

Атырауда балабақшадан қашып кеткен бүлдіршін суға кете жаздады

Алматыда есірткімен ұсталған жігіт полицейлердің өзін жауапқа тартқызбақ

Петропавлда арақпен ұсталған әріптесін қолдау үшін хирургтер жаппай жұмыстан кетпек

Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты

Талқылау