Алматыда ойыншық үшін адамды бөлшектеп қоқысқа тастағандар сотталды
Ойыншыққа бола адамды азаптап өлтіріп, денесін тіпті бөлшектеп тастағандар 15-16 жылдан бостандық көрмейтін болды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бүгін Алматы соты Азамат Қабденов пен Тайыр Әбілдиновке осындай жаза кесті. 23-24 жастағы бұл екеуі «Плей стейшн» ойыншығын қайтаруды талап еткен таныстарын ұрып өлтірген.
Былтыр 6 қыркүйекте Алматыдағы көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс жәшігінен бөлшектенген адам мәйіті табылған болатын. Көпке ұзамай күдіктілер де ұсталды. Қанды қылмысқа барған екі жігіт Байқойырда бос тасаламақ болыпты. Негізі, екеуі де қымбат компьютерлер ұрлаумен айналысқан екен.
Сондай алыс-берістің кезінде марқұм Роман Ситакқа 80 мың теңге қарыз болып қалған. Әрі «Плей стейшнді» де қайтарғысы келмей, ақыры өлтіріп тынған. Ал бөлшектелген мәйітті алысқа апармай, есік алдындағы қоқыс жәшігіне лақтыра салыпты. Қаскөйлер ұзақ мерзімге қамалғанымен қоса, марқұмның туыстарына миллион 300 мың теңге шығынды өтеуге де міндеттеліп отыр. Ал Роман Ситактың артында әйелі мен ол көз жұмған соң туған баласы қалды.
“Алдағы уақытта оларды құдайдың жазасы күтіп тұр. Жасаған істері үшін жауап беретін болады. Ұлым керемет адам еді, ешқашан ешкімге жамандық ойлаған емес”, – Ситактың анасы Ольга Долотова.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйекке қараған түні Алматының қоқыс контейнерінен белгісіз адамның басы мен аяқ-қолдары табылды. Кейін көз жұмған адамның кім екені және оны қай жерде өлтіргені анықталғаны туралы хабарланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Денесі бөлшектеніп табылған марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған.