Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен
Almaty Towers бизнес-орталығында өрттен қаза тапқан студенттердің бірі 20 жастағы Абылайхан Құлпыбековты бүгін соңғы сапарға шығарып салды.
Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.
Шымкент қаласында тұратын Асановтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Олардың 20 жастағы ұлы қызыл жалынға шарпылып қаза тапты. Абылайхан отбасындағы екінші бала. Ол Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде екінші курста грант бойынша білім алып жатқан. Марқұм аталмыш бизнес-орталықта монтаждаушы болып жұмыс істеп жүргенін ата-анасына айтпаған.
“Ол бізден ақша сұрамау үшін жұмысқа орналасқан болуы керек. Мен оның жұмыс істеп жүргені туралы білген емеспін. Дәл сол күні менде онымен сөйлесетін уақыт болмады. Негізі оларды құтқаратын мүмкіндік болды деп айтып жатыр, бірақ неге құтқарылмай қалғаны белгісіз. Олар еліміздің болашағы еді, неге оларды құтқармады”, – дейді өкініштен өзегі өртенген Абылайханның анасы Гүлнар Балтабаева.
Өрт болған жерден жалпы 6 адамның денесі табылған. Ата-анасының сөзінше, Абылахан жұмыс істейтін бөлім сол түні кілттенген. Сол себепті жігіттер өрттен қашып құтыла алмай қалған.
Абылайханның денесін әкеліп, тасымалдауға оқыған университеті көмектесіп, қаржылай көмек берген. Әкесі Асан Молдияров тағдырдың дегеніне көнгеннен басқа шара жоқ дейді күрсініп.
Кейінірек Almaty Towers бизнес-орталығындағы өрттен қаза тапқан өрімдей жас студенттердің отбасылары материалдық көмек алатыны туралы хабарланды.
Өз кезегінде “Алматы Тауэрс” басқарушы компаниясының өкілі өрттен қаза тапқандардың отбасына ақшалай көмектің бүгін көрсетілетіндігін мәлімдеді.
“Бұл қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз. Біздің компанияның басшылығы олардың отбасына 3 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл өтемақылар бүгіннен бастап төленеді”, – деді Рахматуллаев.
Еске сала кетсек, бизнес-орталықты өрт 6 қараша күні 18:00-ден бастап шарпыған кешкі уақытта шықты. Өрт кезінде жалпы саны 6 адам қайтыс болды. Өрттің шарпыған аумағы 1800 шаршы метрді құрады. Бұған дейін ол жерден тұрғындардың қалай қашып шыққаны туралы дажарияланған болатын.
Оқи отырыңыз:
БҚО кәсіпкері мал өсіруге берілген несиеге қымбат көлік сатып алған
Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)
Семейлік әже зейнетақысына су жаңа пәтер сатып алды
Ақтөбе тұрғындары діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартуда