Алматыда «Sinema Towers» кинотеатрының шатыры өртеніп жатыр
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері егіз мұнара атанған 5 қабатты «Almaty Towers» ғимаратында орналасқан «Sinena Towers» кинотеатрының шатыры жанып жатқандығын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«6 қарашада сағат 18:04-те Алматы қалалық ТЖД-ның кезекшісіне Бостандық ауданындағы Байзақов көшесі 280 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған. Өрт сөндірушілер мен арнайы техника аталған жерге аттандырылды. Олар оқиға орнына келіп жетті. Қазір өрт сөндірумен қатар адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», – деп мәлім етті Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Әнші Айқын Төлепберген оқыс оқиғаның куәсі болған. Ол әлеуметтік желіде «Алматы Тауэрс отқа оранды» деп жазып сурет жүктеді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен