Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт сөндіруші ер адамды суицидтен арашалап қалды

Бірер күн бұрын Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының атына “Версаль” тұрғын үй кешені әкімшілігінен алғыс хат келіп түсті. Онда олар мамандандырылған №8 өрт сөндіруші-құтқарушылар тобының кәсібилігі мен жылдамдығына және суицидтің алдын алғандары үшін алғыс білдірген.

22222

Хат авторының айтуынша, бір ер адам 4-ші қабат балконынан өз-өзін тастап жібермекші болған. Ал әкімшілік бірден “101” жедел нөміріне хабарласып, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұраған.

“Ең бастысы олар жас жігітті өлімнен арашалап қалды, осы үшін үлкен алғыс айтамыз”, – делінген хабарламада.

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 7-ші үйдегі өзін-өзі өлтіргелі жатқан ер адам туралы хабар 29 мамыр күні сағат 13.04 шамасында келіп түскен. Өрт сөндіруші-құтқарушылар тобы бес минуттан соң оқиға орынына жеткен.

Құтқарушылар келіп жеткен сәтте, ер адам балкон қоршауынан асып түсіп секіруге талпынған. Аталмыш топтың аға инженері Нұрбол Өтегенов арнайы орнатылған өрт сөндіру баспалдағымен жоғары көтеріліп, бір қолымен ғана жақтаудан ұстап секіруге шақ қалған адамды ұстап, итеріп қайтадан ішке кіргізіп үлгереді. Бұдан соң ішкі есікті ашып, құтқарушылардың ішке енуіне мүмкіндік берген.

Талқылау