Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының мектеп-интернатында тәрбиешінің оқушыны ұрғаны жасырын камераға түсіп қалды (видео)

Желіде тәрбиешінің оқушыны аяусыз ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғадан соң мұғалім қызметінен кетті.

Видеода тәрбиеші оқушының құлағын бұрап, бетінен ұрды. Оқушы бетін басқанда мұғалімі оның шашынан тартып, басын көтереді. “Мен саған жүгірме деп қанша рет ескерттім” дейді айқайға басқан мұғалімі, деп жазады Zakon.kz.

Оқиғаның аз қамтылған отбасыларға арналған жалпы білім беретін №10 мектеп-интернатында болғаны айтылды. Мектепте полицейлер тексеріс жүргізуде.

Алматы білім басқармасының орынбасары Гүлнәр Айтқұлованың пікіріше, оқиға 19 қыркүйекте болған. Желіге 29 қыркүйекте тараған. Мектеп директоры бірден мұғалімдерді жинап, жиналыс өткізді.

“1 қазан күні тәрбиеші этика сақтамағаны үшін жұмысынан қуылды. Баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартты. Мұғалімді жұмысынан қумауды сұрады”, – дейді Айтқұлова.

Алайда айтуынша, оқиғаға тәрбиеші кінәлі. Бала қаншалықты белсенді болса да, ондай әдіспен жазалауға құқығы жоқ. Сондықтан жұмысынан кетті.

Білім басқармасындағылар мектептің бақылауға алынғанын айтты. Өзге де мектеп интернат өкілдерімен үлкен жиын өткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау