Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты
Алматы тәртіп сақшылары қыз баланың бір миллионға сатылатыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев хабарлады.
Facebook қолданушысы Елена Баринова жазғандай, хабарландырулар сайтынан ит іздеп отырғанда, адамның сатылатыны туралы жарияланымға кез болған, хабарландыруда қыз баланың бір миллион теңгеге сатылатыны туралы айтылыпты.
Бұдан бөлек, автор қызды сипаттағанда “сымбатты”, “еліктіргіш” деп жазып қойған.
Полиция мәліметінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Алматы ІІД авторды іздеп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады
Павлодар және Ақсудағы колледждер студенттерге дипломның көшірмесін беріп келген
Талқылау