Алматыда қыз жүкті екенін жігітінің көлігіне жазып кеткен (фото)
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі қызықты суреттер салып, көпшілікті таң қалдырды.
Бұл туралы Арсен Шакуов есімді пайдаланушысы Фейсбуктағы өз парақшасында жариялады. Онда қыз жүкті екені туралы хабарламаны жігітінің көлігіне жазып кетіпті. “Даник, мен сенен жүктімін” деген хабарлама қара түсті Merсedes көлігіне ақ түсті бояумен жазылған.
Жазуда жігіттің аты “Даник” деп сипатталған. “Даникке өте ұғынықты тәсілмен жеткізілген!!! Нұрлы тау БО тұрағында қандайда бір Даникке хабарлама қалдырыпты. Бірақ бұл істің қасақана жасалғаны немесе қуанышты жалғасын табары жұмбақ”, – деп жазған посттың авторы.
Бір қызығы жазбаға пікір қалдырған тағы бір желі қолданушысы жаңа суретті жария етті. Онда “маған тұрмысқа шық” деп жазылыпты. Желі қолданушылары бұл суреттерді қызу талқыға салуда.
Оқи отырыңыз:
65 келіге арықтаған қыз өзін бұрын мазақ еткен жігіттердің ұсынысын қабылдамай қойды