Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қырғызстандық номердегі көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Алматыда жүрген Қырғызстан Республикасында тіркеуде тұрған  көлік жүргізушілеріне  айыппұл салынады. Жауапқа тек декларациялаудан өтпеген  қырғызстандық номердегі көліктің қожайыны тартылады. Сондай-ақ, Қырғызстан азаматының атындағы көлікті Қазақстанда уақытша  жүргізе тұруға да тыйым салынған, деп жазды BNews.kz.

 қырғыз

Соңғы жылдары тіркеуі қырғыз елінде өзі Қазақстанда жүретін көліктердің қатары күрт көбейген. Ол көліктермен жасалатын қылмыстар мен жол ережесін бұзу  оқиғаларының саны да артқан. Осы мәселенің алдын алу үшін  Алматы ІІД, Мемлекеттік кірістер  департаменті, прокуратура  бірігіп жүйелі түрде  қырғызстандық номерлі көліктерге рейд жүргізіп тұруды қолға алды.

Рейд барысында  көлікті жеке тұлғаның пайдалануына алынған болса оған қатысты Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған ( 2014 жылдың 1 қаңтары) күніне қарайды. Мысалы, көлік  Қырғызстанға  осы мерзімге дейін келген одан ары Қазақстанға жеткізілген болса ол үшін арнайы  кедендік декларацияның толтырылған немесе толтырылмағаны анықталады.

Егер айтылған мерзімге сай, яғни Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаннан кейін  сол елде тіркелген көлік, осы одаққа мүше елдер арасында уақытша еркін жүре алады. Әрі қожайыны  сол Қырғызстан республикасының азаматы болуы шарт. Мұндай көліктер Қазақстан үшін шетелдік болып саналады. Мұнымен қатар ЕЭО аясында  тасмалданған тауардың мұндай түрі арнайы кедендік бақылаудан өтіп, қалалық ІІД тіркеуінде болад.

Егер  көлік арнайы бақылаудан өтіп, кедендік декларация толтырылмай ұсталатын болса оған қатысты сот үкімі шыққанша иесінің қолына қайтарылмайды.

Бұған дейін арнайы рейд барысында Қырғызстан номеріндегі 306 көлік тәркіленді. Бұл көлік қожайындарының барлығы дерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 44 көлік уақытша сақтау камерасына жеткізуді қажет етпеген. 7 көлік сот үкімі бойынша мемлекет кірісі ретінде алынды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары осы себепті азаматтарға Қырғызстандық номерлі көліктерін заңды етіп тұтынуға шақырады. Әрі қырғыз азаматының атындағы көлікті Қазақстанда уақытша жүргізу заңға қайшы екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз:

Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл екі есеге азаяды

Тайвань полициясы нөмірі сәйкес келмеген 315 мың долларлық машинаны бөлшектеп тастады

Екі жасар қыз кір жуатын машинаның ішінде қысылып қалған (видео)

Отбасылы әйел клиенттердің үйін тыр жалаңаш жүріп жинайды (фото)

Талқылау