Алматыда қолына шприц ұстаған ер адам көлік астына түсіп қалды
Алматыда қолына шприц ұстағанер адам көлік астына түсіп, зардап шекті.
Ер адам Полежаев пен Бөкейханов көшелерінің тұсында жол үстіне кенеттен атып шыққан. Осы кезде Райымбек даңғылымен келе жатқан Toyota Corolla жүргізушісі оны қағып кетеді. Оның соңынан келе жатқан Kia Rio жүргізушісі де көлігін тоқтата алмай Toyota Corolla көлігін артынан қаққан, деп хабарлайды patrul.kz.
Көлік жүргізушілері мен куәгерлер зардап шеккен ер адамның қолында шприц барын байқаған. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне өзіне инсулин екпек болғанын айтты. Алайда дәрігерлер тексеру барысында оның инсулинге мұқтаж еместігін анықтады.
Полицейлер жол апатының мән-жайын тексеріп жатыр. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді.
Тағы да оқыңыз:
Павлодарда 5 жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды
Талқылау