Алматыда халал қонақ үй пайда болды (фото)
Алматыда шариғат талаптарына сай қонақ үйге сертификат берілді. Қонақ үй әкімшілігінің өтінішіне орай ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі аталмыш мекемені тексеруден өткізді.
Шариғат талаптарына сай әлемдік стандарттарға толық жауап бере алатын қонақ үйге сертификатты “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады, деп хабарлайды muslim.kz.
Қонақ үй халал асхана, намазхана, әр бөлмеде Құран және жайнамазбен жабдықталған. Спирттік ішімдіктер ішуге, алып келуге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, қонақ үй аз уақытқа жалға берілмейді және ер азамат пен әйел азаматтың құжаттары талап етіледі.
Мекен-жайы Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 ықшамауданы, Жұмабаев пен Палладина көшелерінің қиылысында орналасқан.
Жіберіп алмаңыз:
Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па
Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді
Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған