Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҚазҰМУ-дің студенті жоғалып кетті

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Instagram-дағы ресми парақшасында 23 жастағы студент Санжарбек Арзиевке іздеу жарияланған.

20160501180120

Соңғы рет таныстары оны 29- сəуірден 30 сəуірге қараған түні  Құрманғазы-Шагабутдинов көшелерінің қиылысында көрген. Əлеуметтік желіде оның түр келбеті суреттелген.

«Бойы 175-178 см, орта денелі, салмағы 75-78 келі. Жас жігіт қара кеудеше, қара куртка киген»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда студентті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Талқылау