Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда болған ұшақ апатының бастапқы себебі айтылды

Алматы облысындағы ұшақ апатына қатысты Инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылып, тергеушілер оқиға орнына аттанды.

Фото © Қазақстанның Төтенше жағдайлар комитеті

Оны министрдің орынбасары Роман Склярдың өзі басқарады. Айта кетейік, Ан-28 әуе көлігінің бортындағы бес адамның барлығы да кеше кешкісін ажал құшқан еді. Қазіргі уақытта олардың барлығының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Жеке компанияға тиесілі ұшақ бортында үш ұшқыш пен екі дәрігер болған. Әуе кемесі Алматыдан Шымкенттегі перинаталдық орталыққа көмек көрсету үшін ұшып шыққан. Әуеге көтерілген соң 12 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Оның қирандылары Алматыдан 40 шақырым Междуречинск ауылының маңында табылды. Апаттың қатты болғаны соншалық әуе кемесі күл-талқан болған. Қирандылар 200 шаршы метр аумақта шашылып жатыр.

Ұшақ әуеде үш рет айналып барып құлады. Екі рет жарылды. Яғни жоғары кернеулі электр бағанына соғылған болу керек”, – дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Руслан Стяжкин.

Ұшақ бортында қаза болған бес адамның екеуі – дәрігер. Акушер Патсаев Талғат Анапиұлы және реаниматолог Жәнібек Артықбаев Түкенұлы. Ал әуе кемесін үш ұшқыш басқарған. Олардың Қырғызстан азаматы Цой, екінші ұшқыш Қазақстан азаматы Кутафин және борттехник Бейшебек Акматбаев екені белгілі болды.

Қазір апат орнында Авиациялық апатты тексеру басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжамға сәйкес, әуеге көтерілген ұшақтың қозғалтқышында ақау болған болу керек. Оны әрине енді арнайы комиссия анықтайды.

Айта кетейік, 3 қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.

Тағы да оқыңыз:

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Талқылау