Алматыда анасы бір жасар баласын түнде далаға тастап кеткен
Алматының Төменгі Пятилетка ауданында кезекті «көкек» аналардың бірі баласын тастап кеткен.
Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
Кішкентай бүлдіршін қысқа ғана ғұмырында ең жақын адамының сатқындығының дәмін татты. Жанарында – толассыз мұң мен шарасыздық. Оның №2 қалалалық клиникалық аурухананың гематология бөлімінде жатқанына бір аптаға жуық уақыт өтті. Дәрігерлер мен күтушілер бар мейіріміне бөлеп, қамқорлық танытқанымен, бүлдіршін анасын сағынады. Ал анасы әлі күнге дейін бой көрсетпеген.
Тастанды бала ауруханаға 8 қазанда жеткізілген. Оны полиция қызметкерлері оңтүстік астананың Түрксіб ауданы Спасский көшесінен тауып алған. Сағат 21:30 шамасында бір жасар бала көшеде жалғыз қалған. Аш, үсті-басы кір әрі тоңған. Бала бірден №1 балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер тексеруінен өткен.
«Анализдердің нәтижесі бойынша, баланың денсаулығында кінәрат жоқ. Жақсы тамақтанады. Сөйлей алмаса да, жақсы түсінеді. Егер бұл баланы іздеп жатсаңыз, балалар ауруханасының гематология бөлімінен таба аласыз», – дейді гематология бөлімінің аға медбикесі Маржан Мамаева.
Дәрігерлер баланы танитын немесе ата-анасы мен туыстары жайлы білетін адамдардан 8 (727) 276-74-02 телефон нөміріне хабарласуларын өтінеді. Ал анасы мен туыстары №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына келулерін сұрайды. Сізді балаңыз күтуде.
Жіберіп алмаңыз:
Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды
Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы 73 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды
Тараздық полиция қызметкері параны дәмхана мен монша төлемі ретінде алып келген
ІІД: Балтамен қаруланған қылмыскер Kaspi Bank бөлімшесінен шамамен 23 миллион теңгені қолды қылды