Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір көлік әйелді екі рет қағып өткен

Алматыда қатарынан екі рет көлік қаққан әйел №7 ауруханада палатаға ауыстырылды.

93_wide

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Дәрігерлер 1978 жылғы әйелдің денсаулығының жақсарғанын айтып жатыр. Дәл қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнымен қатар, полицияда аталған жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

“Жарақаттың қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін соттық-медициналық сараптама жүргізілетін болады. Орташа немесе ауыр жарақат келген жағдайда, қылмыстық іс ретінде қаралатын болады”, – дейді Алматы ІІД подполковнигі Рүстам Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетсек, 24 маусым күні таңертеңгі уақытта Opel Vectra көлігі әйелді екі мәрте қағып өткен.


Жіберіп алмаңыз:

Екібастұзда екі жігіт лаулап жанған үйден әйелді шатыр арқылы алып шықты (видео)

Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Алматы-Қапшағай жолында қызметін атқарып тұрған полицей қаза болды

Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған

Талқылау