Алматыда автобусты соғып қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр
Белгісіз азамат өз жолаушысы мен қоғамдық көлік жүргізушісінің жараланғанына қарамастан, жедел-жәрдемді де шақыртпай кетіп қалған,-деп жазды КТК арнасы.
Оқиға түнде болған. 103-ші бағыттағы автобус пен Тойота Камри көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам ауыр халде ауруханаға түскен. Оның бірі- автобус жүргізушісі болса, екіншісі- жеңіл көлік жолаушысы.
Десе де, «Тойота» тізгініндегі адам, оларға жедел-жәрдем шақыртпастан оқиға орнын тастап кетіп қалған. Кейбір мәліметтер бойынша із суытқан азамат «сау жүргізуші» қызметі бойынша жалданып жұмыс істеген болуы мүмкін.
Қазір оны полиция қаланың түкпір-түкпірінен іздеп жатыр. Табылған күні жол апатына кінәлі болмаса да, зардап шеккендерді тастап кеткені үшін 2 немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Ол міндетті түрде ұсталып,жауапкершілікке тартылатын болады. Ал қандай жауапкершілік екенін сот-медициналық сараптамадан кейін анықтайтын боламыз. Өйткені, жәбір көрген азаматтың алған дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау керек»,-дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз:
Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды
Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)
Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді
Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың намысына тиген әйелді орнына қойды