Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әпкесі мен анасының ұратынын айтқан 9 жасар қыз көлік астына түспек болды

Алматы тұрғыны көлік астына түспек болған 9 жасар қыз жайлы айтып берді.

DETAIL_PICTURE__13462226

Алматы тұрғыны Мая Алемова өз көзімен көрген жайтты желідегі парақшасында баяндады.

«Кеше, 20 маусым күні кешкісін, Алматыдағы Сайын мен Төлеби көшесінің қиылысында 9 жасар қыз көлік астына түспек болды. Оны өзге бір қыз жолға қарай тартып алды. Мен көлігімді тұраққа қойып, олардың жанына бардым. Қыздың денесінің бәрі көгерген. Өмір сүргісі келмейтінін айтып жылады. Айтуынша, анасы мен әпкесі ұрады екен. Өзінің мектепке барғысы келеді. Есімі Айым. Әлі мектепте оқымайды. Қасында тұрған қыз көршілердің жиі полиция шақыртатынын айтты.

Бір кезде қыздың әпкесі келді. Мен оған өзімнің балаларды қорғау органында жұмыс істейтінімді, олардың үйіне барып тексеру жүргізетінімді айттым. Әпкесінің аты-жөні Илияс Дана. Жасы 15-те. Ол менен сескеніп қалды. Сіңлісі бүйрегі ауырғандықтан мектепке бармайтынын айтты. Мекен-жайы: Сайын көшесі, 14/1 үй, 25 пәтер. Анасының аты-жөні Иманәлиева Анар. Барлықтарыңыздан осы жағдайға бейжай қарамай жариялауларыңызды сұраймын. Орган қызметкерлері көріп, шара қолданар.

Айым менен (өзі де танымайтын бөтен адамнан) кетпеуімді, өзін асырап алуымды өтініп жылады. Анасы оған «егер әлдекім денеңдегі көгерген із не деп сұраса, құлап қалдым деп айт» деп үйретеді екен. Оның денесінің сау жері жоқ. Сол сәтте телефонымның да қуаты таусылып қалыпты. Суретке түсіру мүмкін болмады. Ертең тағы да барып, қызды көрсем видеоға түсіріп алам. Қызға қалайда көмек көрсетейікші. Оның бар өмірі әлі алда ғой», – деп жазады желі қолданушысы.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев электрокар көлігін жүргізді (видео)

Астанада ЭКСПО-ға “бомба қойған” адамның кім екені анықталды

Зиялы қауым өкілдері Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар үшін Назарбаевтан араша сұрады

Талқылау