Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқтар төрт баласын асырап отырған жалғызбасты әкені оңдырмай алдап соққан

Алматыда “балаларым алаяқтарға алданып қалды” деген жалғызбасты әке шағымым қаралмай жатыр дейді. Айдын Бексұлтанов, қылмыстары дәлелденген алаяқтар тобы қолды қылған екі бірдей көлігімді екі жылдан бері қайтара алмай жүрмін деп шағымданды. Ал полиция еш себебін көрсетпестен, істі қысқартып тастаған көрінеді.

ооооо

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аналарынан ерте жасында жетім қалған төрт баласын жалғыз өзі асырап жүрген әке, “балаларымды алдап, қос көлігімізді алаяқтар қолды қылды” деп журналистерге бұдан бұрын да жүгінген. Әділдік іздеген әкенің қорғаушысы, өзінің 41 жылдық тәжірибесінде мұндай созбалаңға салынған істің болмағанын айтады.

“Қылмыстық істе біздің негізгі талабымыз – жәбірленуші Бексұлтановтардың екі автокөлігі – камаз және лексус көліктері алаяқтардың қолында кетіп отыр. Оны қамауға алса да көліктерді, бір қолдан бір қолға сатылып кеткен. Бұған жоғары жақтан бір кедергі болып тұрған сияқты”, – дейді Бексұлтановтың қорғаушысы Жаңылдық Ахметова.

Жүрмей қойған істерін құшақтап, азамат алдымен Алмалы ауданының тергеуіне сенімсіздік білдіріп, бас тартқан. Содан кейін іс қалалық тергеуге келгенімен, маусым айында еш себебі түсіндірілместен, қылмыстық іс қысқарып қалыпты.

Ал, жәбірленушілердің адвокаты бұл мезгілде 12 томдық қылмыстық істің тек бастапқы бес бөлімімен ғана танысып үлгеріпті. Естеріңізге салсақ, Айдын Бексұлтанов, екі ұлым ұйымдасқан алаяқтар тобына алданып, Лексус және камаз көліктерінен айырылғанын, және күдіктілердің бірі қамауға алынбағанын бұдан бұрын айтқан болатын.

“Сондай қатты қиналып кеттік. Бармаған жеріміз жоқ, арызданбаған жеріміз жоқ. Жоғары Астанадағы басшыларға дейін арыздандық. Олардан нақты нақты жауаптар аламыз, бірақ Алматы қаласына келіп, ісіміз ары қарай жүрмеуде”, – дейді жәбірленуші Айдын Бексұлтанов.

Бұл қылмыстық істің қайта тергеуге жіберілгеніне екі жылдан аса уақыт өтсе де, іс әлі сотқа жіберілмей тұр, – дейді жалғызбасты әке. Ал, қалалық ІІД бұл іске қатысты қандай да бір пікір алу мүмкін болмады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеліктер үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отырған 10 жастағы қызға көмектесіп жатыр

Режиссер: Кинотеатрларда ашық порно көрсете бастайық

9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі арнайы операция жөнінде айтып берді

Талқылау