Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 9 балалы отбасы құдықтың суы қатып қалғандықтан қар ерітіп қолдануға мәжбүр (видео)

Алматыда жеке меншік үйлердің бірінде тұратын  отбасы көшеден қар тасып, оны қайнатып қолдануға мәжбүр. 9 баланың анасының айтуынша, қақаған аяз салдарынан үйдегі құдықтың суы қатып қалып, отбасы сусыз қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы 9 баланың анасы Әлия Instagram желісінде айтты.

«Таңертең тұрсам, су жоқ. К.йеуім үлкен ұлдарымызбен бірге 5 сағат бойы құдықты жылытып жүр. Жуыну, ыдыс жуу үшін, үйге шелектеп қар әкеліп қойды. Біз жеке меншік үйде тұрамыз. Құбырлар пластиктен жасалған. Дәнекерлеу арқылы жылыта алмайсың.

Арнайы қызмет мамандарын шақырдық. Олар шақырып жатқан адамдардың көп екенін айтты. Үйдегі пеш жарық пен су арқылы жылиды. Ол өшіп қала ма деп уайымдап отырмын. Егер жылдам әлдене ойластырмаса, көктем келіп, күн жылығанша сусыз қаламыз. Үлкен үйде 9 баламен сусыз қалу – сұмдық жағдай», – деп жазды Әлия есімді тұрғын.

 

Этой еочью был сильнейший мороз, аномальный для Алматы -30. Встала с утра, нет воды. Муж со старшими сыновьями уже как часов пять там греют этот колодец. Домой снега натаскали ведрами, чтобы как-то умываться, и чтоб вода была для посуду и смыва. У нас частный дом, трубы пластиковые, сваркой как обычно не отогреешь. Вызвали специальные службы, там сказали что вызовов очень много. Печка зависит от света и воды в частности. Переживаю что печка отключится. Если сейчас быстренько ничего не придумать останемся мы без воды до весны, пока травка не зазеленеет. В общем ужас, с 9 детьми в большом доме остаться без воды.((( #snow #water #снег #вода #sos #холодрыга

Публикация от Алия (@mama.patriot)

Отбасы тамақ дайындау және шай ішу үшін суды көршілерден алып отыр екен. Ал басқа да қажеттіліктер үшін қар ерітуге тура келеді.

 

Әлияның сөзінше, ол жергілікті билікке хабарласқан. Ендігі көмек күтіп отырған көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында қасқырдың қаншығы арланды өлтірген ауыл тұрғындарынан кек алуда

Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жүр

Астанадағы жатақханада студент дәретхана тазалығы үшін көршісін пышақтап тастады

Тоқтар Төлешовке тиесілі сәйгүліктердің тағдыры белгілі болды

Талқылау