Алматыда 2 жасар бүлдіршін екі күннен бері іздестіріліп жатыр
Алматы полициясы үйінен шығып кетіп, белгісіз жаққа қарай кетіп қалған екі жасар баланы іздестіріп жатыр.
Алматы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 тамызда полицияға “Шаңырақ-2” ықшамауданындағы үйлердің бірінен екі жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы хабар түскен, деп хабарлайды Sputnik.
Жедел тергеу тобы құрылып, құрамына криминалдық полиция, учаскелік инспектор және ювенал полициясының өкілдері кірген мобильді топтар құрылды.
“Баланың анасы 2015 жылғы ұлы Есімхан Аниздың жоғалғанын күндізгі 11-лерде білгенін түсіндірдің. Оның сөзіне қарағанда, үйдегілер ұйықтап жатқанда бала шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Полицияға хабар бергенге дейін туыстары оны өздері табуға тырысқан, алайда әрекеттері еш нәтиже бермеген. Қазіргі уақытта жоғалған баланы табуға арналған жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Іздестіруге жұмыстарына алматылық полиция гарнизонының бүкіл құрамы көтерілді”, — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі, полиция одполковнигі Салтанат Әзірбек.
Жоғалған баланы түнде де іздеген.
“Криминалды полиция және өңірлік жергілікті полиция қызметінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Барлық құдықтар мен шұңқырлар тексерілді. Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Бүгін таңертең іздеу жұмыстарына Ұлттық Ұланның 50 әскери қызметшісі мен өңірдің жалпы білім беру мектептерінің 50 ұстазы қосылды”, — деп нақтылады Әзірбек.
ІІД өкілдері қаладағы азаматтарға Есімхан Аниздың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрап отыр.
Тағы да оқыңыз:
Қазақ азаматы АҚШ-тың әйгілі ғарыш агенттігі NASA-да жұмыс істейді
Алматы тұрғыны үйінде арзан виски мен коньякты араластырып құны қымбат ішімдік әзірлеп сатқан
Қуат Хамитов: Мені неге бейшаралар ғана жекпе-жекке шақырады?