Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағының бар қарызын жауып берген кәсіпкер өзін сынағандарға жауап берді

Белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген Алматы зообағының неміс архитекторы Питер Разбахтың алдындағы қарызын төлеп берген еді. Алайда кәсіпкердің жақсылығын сынға алғандар бар.

62ac85147fe3c112128cbec45e573a7f

«Жануарларға не себепті көмек көрсетеді? Одан да ауру балаларға жақсылық жасасын. Не себепті ақшаны біздің сәулетшілерімізге бермейді? Олар 10 мың долларға жасап берер еді. Жақсылықты жария қылудың не керегі бар? Жасадың ба, көпке жария қылма. Арзан пиар», -деп жазғырды желі қолданушылары.

Елдің сынына кәсіпкер де жауапсыз қалмады.

«Зообаққа жасаған көмегімді жариялайтын ойым болған жоқ. Бұл ұсынысты маған досым Ержан Еркінбаев айтқан болатын», – деп жазады кәсіпкер желідегі парақшасында.

Біріншіден, мен Алматының тумасымын. Мені ата-анам да, ата-әжем де осы зообаққа барған. Балаларым да барады. Сондықтан зообаққа қандай да бір үлесімді қосқаныма ризамын.

Біз ауру балаларға да көмектесеміз. Болашақта «Балаларды оңалту орталығын» ашпақпыз. Балалар біздің болашағымыз. Бірақ біз бәріне бірдей көмектесе алмаймыз.

Екіншіден, біздің сәулетшілеріміз талантты. Алайда зообақтың жобасын жасауда елімізде ғана емес, әлемде мамандар тапшы. Сондықтан Еуропадан мамандар шақыруға тура келді. Ал, Питер Разбах ең үздіктердің бірі.

Үшіншіден, бұл пиар емес. Біз бәрін үнсіз жасаймыз. Мұны көп адам дәлелдей алады. Ал, сын айтып жатқандардан сұрайын дегенім, сіздер өздеріңіз қандай жақсылық жасап жатырсыздар?

Бұған дейін кәсіпкердің Алматы зообағының қарызын жауып бергенін жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз:

Француздың атышулы журналы карикатура жасап тағы әлемді дүрліктірді

Махаббаттың залалы: Түркияның танымал актері ашынасының қолынан қаза тапты (фото)

Қайғылы жағдай: Көкшетауда өрттен шошыған келіншектің тілі байланып қалды

Талқылау