Алматы тұрғыны ескі үйі үшін 2 миллион доллар сұрап отыр
Алматы тұрғыны өзінің ескі пәтері үшін 2 миллион доллар сұрап отыр. Міне, он жылдан бері оның иелігін жеке компаниялар сатып ала алмай әлек болуда.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Гүлбаршын Полатова 5 бөлмелі пәтерде балаларымен және немерелерімен бірге тұрады. Барлығы үш отбасы бір үйді паналап отыр. Алматының қақ ортасында орналасқан баспана оған осыдан 40 жыл бұрын мемлекеттен берілген.
Соңғы 10 жыл бойы әйелдің өмірі күреспен өтіп келеді. Алдымен оның иелігін жергілікті билік өкілдері, одан кейін жекелеген құрылыс компаниялары тартып алмақ болды. Ақырында құрылыс компаниялары айналадағы ғимараттардың бәрін бұзуға келісім алды. Енді олар Гүлбаршынның пәтерін сатып алмақ.
Әйелге өтемақы ретінде 400 мың доллар ұсынылды. Алайда әйел кем дегенде 2 миллион бермейінше, жылы орнымды босатпаймын деп отыр.
«Екі миллион сұрап отырмын. Олар маған: «Ақылға кірмейтін сомма сұрап отырсыз», – дейді. Бұл элиталық әрі қымбат аудан. Олар менің үйімді тұру үшін емес, кәсіп үшін сатып алмақ. Бұл жерде коммерциялық ғимарат салынады», – дейді Полатова.
Бұл үйдің бұзылуы туралы ақпарат сонау 2006 жылы пайда болған. Ол уақытта бұл аудандағы пәтерлердің бағасы аспандап тұрды. Гүлбаршынның көршілері ұсынылған өтемақыларға келіскен. Енді 9 пәтерлі үйде жалғыз Полатовтар отбасы тұрып жатыр.
Үй иесімен келісімге келе алмағандықтан, құрылысшылар жоба сызбасын қайта өзгертті.
“Атрикс-Строй Инвест” ЖШС жобаны алмастыруға мәжбүр болды. Полатованың пәтері орналасқан жер енді жоба аумағына кірмейді”, – дейді аталған мекеме басшысы Роман Устинов.
Құрылысшы қазірдің өзінде 400 мың доллар төлеуге дайын. Бұл сомма тәжірибелі риелторлардың өзін таңғалдырды. Себебі Полатовтар тұратын ауданда осындай аумақты (103 шаршы метр) жаңа пәтерлердің өзі 200 мың доллар тұрады екен. Ұсынылған өтемақыға үй иелері бір емес, бірнеше баспана ала алар еді. Десе де Полатова райынан қайтар емес.
“Үйден шыққысы келмеген адам қиындық туғызады. Оның айналасында құрылыс жүріп жатыр. Адамдар шудың, шаңның ортасында қалды. Өздері бермесе, бәрібір кейін сот органдары арқылы оларды үйден шығарады. Ал ол кезде алатын ақшалары тіптен аз болмақ”, – дейді Қазақстан риелторлары біріккен ассоциациясының вице-президенті Лариса Степаненко.
Дегенмен Гүлбаршын Полатова райынан қайтар емес. Ол тіпті, өз үйін апаттық жағдайдағы үйлер қатарынан алып тастау үшін әкімдікпен соттаспақ.
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде 0-сынып оқушыларына арналған жаңа “Әліппе” шығатын болды
Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ
Сағадиев ҰБТ сұрақтарына Есентаеваның есімі не үшін қажет болғанын түсіндірді
Қостанайда жоғалып кеткен үш қыз ертерек ересек өмірді бастағылары келіпті