Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алматы тауэрстегі» өліммен аяқталған алапат өртке қатысты жаңа деректер шықты

Алты адамға ажал құштырған апат үшін өрт сөндірушілер де сот жағаламақ! «Алматы тауэрстегі»1 жыл бұрынғы алапат өртке қатысты процесс әлі де жалғасуда, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Атышулы істің алдағы отырыстарында төтенше жағдай қызметкерлерінен де жауап алынуы мүмкін. Өйткені, осы іс бойынша айыпталып жатқан батут орталығының директоры жұмысшылардың өліміне құтқарушылардың да кінәсі бар деп отыр. Яғни, олар апат болған күні жалынды өшіріп, қайтып кеткен. Ал, өртке оранған ғимаратта қалып қойған жігіттерді құтқаруға келесі күні ғана кірісіпті. Әрі құтқарушылар бизнес орталықтағы өрт қауіпсіздігін 3 жыл бойы тексермеген дейді Дәурен Тұяқов.

Бұл  Алматыда бұрын-соңды болмаған батут орталығын ашамын деп, басы бәлеге қалған кәсіпкер. Дәурен Тұяқов қауіпсіздік ережерін бұзғаны үшін айыпталып жатыр. Өзі кінәсін мойындамайды. Тіпті, былтыр қарашада болған алапат өртке өзгелер себеп дейді. Мәселен, «Алматы тауэрсте» түтінді соратын жүйе атымен болмаған. Бұған ғимаратты салған құрылысшылар кінәлі көрінеді. Бұған қоса, өрт сөндірушілердің жайбасарлығы болмағанда, өрімдей 5 жігіт түтінге тұншығып өлмес еді деп отыр.

«Сараптама бойынша, марқұмдардың түтінге тұншығып өлгені анықталды. Ал,  апат болған күні құтқарушылар жалынды өшіріп, кетіп қалды. Далада жүрген жігіттер іште 5 адамның қалып қойғанын ескерткен. Бірақ, төтенше жағдай қызметкерлері оларды іштен тек келесі күні алып шықты. Әрі түтінді соратын арнайы құрылғы болғанда, олар тірі қалар ма еді», – дейді айыпталушы Дәурен Тұяқов.

Ал, марқұмдардың апаттық жағдайдағы есік арқылы далаға шығуға тырысқаны белгілі. Бірақ, ол жабық болып, 5 жігіттің мәйіті соның қасынан табылған еді. Міне, сол есікті бітеп қойған да көрші кеңсе дейді Тұяқов.  Әрі «Алматы тауэрс» ғимарат иелері кооперативі де ісіне салғырт қарады деп кінәні өзі емес, өзгелерден іздеді. Сөзінің жаны жоқ емес. Апат болған күні бизнес орталығындағы өртке қарсы бірде бір жүйенің істемегені рас. Десе де, қазір бар кінә батут орталығының директоры мен сонда жұмыс істеген дәнекерлеушіге тағылған. Өйткені, жүргізілген сараптама оттың дәнекерлеу кезінде ұшқан шоқтан тұтанғанын анықтапты. Бұл екеуі 5 жігіттің өлімінен бөлек, нысандағы тамақтану орнын шығынға батырғандары үшін де жауап беруде.

– Біз онда жалпы соммасы 7 миллионға құрылғылар мен жиһаз орнаттық. Бәрі де су жаңа болатын. Өрттен кейін 2 миллионның заты ғана аман қалды. Қалған 5 миллионға алынған дүние бір сәтте күлге айналды. Сондықтан, өртке кінәлілер бізге осы қаржыны қайтарсын.

Дегенмен, адвокаттар бұл кәсіпкерді зардап шегушілер қатарынан мүлдем алып тастауды сұрап отыр. Өйткені, апаттан зардап шеккеніне нақты дәлелі жоқ екен. Ал, қайтыс болған жігіттер батут орталығына бір күнге ғана барыпты. Сағатына мың теңге үшін қара жұмыс істеген. Дәурен Тұяқов олардың жақындарына моральдық және материалдық шығынды өтеген. Сондықтан, қара жамылғандар оны кешіріпті. Айта кетсек, «Алматы тауерс» бизнес орталығындағы қосалқы ғимараттың алтыншы қабаты өткен жылы қызыл жалынның құрсауында қалып, 1800 ш.м. аумақтың күлі ғана қалған болатын. Одан 5 жігіттен бөлек, 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Тараздағы ауруханада дәрігер емделуге келген науқасты ұрып тастаған

Маңғыстауда болған жантүршігерлік апатқа қатысты теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды

Қазақстанда анықтамаларды смс арқылы беретін болды

Алматыда балаларды зорлау оқиғасы: Балабақша директорына сот үкімі шықты

Талқылау