Алматы соты зәулім үйлерді салып тастап салығын төлемей жүрген байларды іздеп жатыр
Алматыда зәулім үйлерде тұратындар әлі де жылжымайтын мүлік салығынан жалтарып жүр. Элиталы үй қожайындары 19 миллион теңгені төлемеген.
Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.
Алматыдағы Медеу аудандық кірістер департаментінің маманы Алмас Жандарбековтың ақпаратынша, 36 миллион теңге салық қарызының тек 17 миллион теңгесі ғана өтелген. Қалған сома сол күйі қайтарылмағандықтан, іс сотқа жіберіліпті. Бұл зәулім үйде тұратын 31 қожайынның қарызы.
Оның арасындағы ең ірі қарыз мөлшері 1 миллион 848 мың теңгені құрайды. Элиталы үйлер Алматы қаласындағы Достық даңғылының жоғарғы бөлігінде, Таулы Қырат ықшам ауданында орналасқан. Ал берешегі бар азаматтар тізімі кірістер департаментінің жеке сайтында тіркелген.
“Ол адамдар, бүгінгі таңда хабарланып, екінші реттен материалдары сотқа жіберілді. Қазір жеке сот орындаушыларының жұмысы жүргізіліп жатыр. Есеп-шоттарына шектеу қойылады. Сосын сыртқа шығу жағына да шектеулер қойылып жатыр”, – деді Алматы қаласы Медеу аудандық кірістер департаментінің бөлім басшысы Алмас Жандарбеков.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында бастауыш сынып ұстазы асылған күйінде табылды
“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті
Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр