Алматы полициясы бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 8 қазан күні кешкі уақытта бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты.
Тастанды бала ауруханаға 8 қазанда жеткізілген. Оны полиция қызметкерлері оңтүстік астананың Түрксіб ауданы Спасский көшесінен тауып алған. Сағат 21:30 шамасында бір жасар бала көшеде жалғыз қалған. Аш, үсті-басы кір әрі тоңған. Бала бірден №1 балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер тексеруінен өткен.
«Анализдердің нәтижесі бойынша, баланың денсаулығында кінәрат жоқ. Жақсы тамақтанады. Сөйлей алмаса да, жақсы түсінеді. Егер бұл баланы іздеп жатсаңыз, балалар ауруханасының гематология бөлімінен таба аласыз», – дейді гематология бөлімінің аға медбикесі Маржан Мамаева.
Тәртіп сақшылары көп ұзамай баланың анасын да тапты. Ол 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматшасы екен. Қазіргі таңда әйелдің әрекетіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 119 бабы негізінде іс қозғалды.
Жіберіп алмаңыз:
Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды
Атыраудағы «ҚазАвтоЖол» бөлімінің басшысы 73 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды
Тараздық полиция қызметкері параны дәмхана мен монша төлемі ретінде алып келген
ІІД: Балтамен қаруланған қылмыскер Kaspi Bank бөлімшесінен шамамен 23 миллион теңгені қолды қылды