Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатында қайтыс болған жігіттің әйелі бір айдан кейін босанғалы отыр

Алматы облысындағы ұшақ апатында мерт болған жігіттің келіншгеі өзінің әріптесі. Олардың үйленгеніне де көп болмапты. Енді бір айдан кейін тұңғыштары дүниеге келгелі отыр екен, деп жазды КТК арнасы.

98787899000908

Ішінде болған инструктор-ұшқыш пен курсант сол жерде қаза тапты. Олар ұшақтан шыға алмай тірідей жанып кеткен. Марқұмдардың аты-жөндері белгілі.

Ұшқыш 40 жастағы украиналық Сергей Курченко мен Азаматтық авиация академиясын әні-міне тәмамдайын деп отырған 4-ші курс студенті Айдар Әбішев. Апатқа не себеп болғаны нақты белгісіз. Дегенмен, шағын ұшақ көтерілгенде құйынға тура келіп, аударылып кеткенін көргендер бар.

Үшқоңыр ауылының тұрғындары ұшақтардың көкке жиі көтерілетініне үйреніп қалған. Бірақ бүгін ұшқан шағын әуе кемесі алысқа ұзамады. Ресми ақпарат бойынша ол ұшып-қону алаңынан небәрі екі шақырым жерде құлаған. Ішінде болған екі адам мерт болды.

Апат таңертеңгі сағат 10-ға жуық Алматыдан 43 шақырым жердегі «Азем» аэродромының маңында болған. Ұшақтың шағын ғана болғанына қарамастан оның құлаған сәтін үшқоңырлықтардың көбі көріпті.

Себебі әуе кемесі құлаған жер мен тұрғынүйлердің арасы 10 метрден аспайды. Жұрт бірден апат орнына жетіп, көмек көрсетуге тырысқан да екен. Бірақ биіктен құлдилаған әуе кемесі бірден өртеніп, ешкім жақындай алмапты. Осы сәттің барлығын куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған.

Өрт сөндірушілер отты тез арада сөндірсе, полицейлер мен құрамында Азаматтық авиация академиясының өкілдері бар арнайы комиссияны ұзақ күтуге тура келді. Олар оқиға орнына түске таяу ғана жетті. Ал куәгерлер сол сәтте кенет желдің көтерілгенін айтуда.

«Қатты жел бірнеше секундтта ұшақты төңкеріп жіберді. Жел күшті болғанымен бұл маңда, бұндай оқиға болған емес.  Бір тылсым құбылыс сияқты»,-дейді Үшқоңыр ауылының тұрғыны Сұлтан Қасымәлиев.

Ұшақ ішінде 40 жастағы инструктор-ұшқыш Сергей Курченко және 21 жастағы Айдар Әбішев болған. Курченконың  Украина азаматы екені анықталды.

Ал Азаматтық авиация академиясының 4-ші курс студенті ұшқыштар әулетінен шыққан екен. Атасы Мақаш Әбішев Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы, әжесі бортсерік болса, әкесі әлі де пилот қызметінде. Атасы қаралы хабарды сол жерде естіді.

« Айналаның барлығы жоғарывольтты тоқ. Инструктор соған қалай басы жетпеген. Бұл жермен мүлде жүруге болмайды ғой»,-деп айқайлап тұрып жылады марқұмның атасы.

Марқұм курсант жуырда әке атануы керек болған екен. Артында қалған жесірі авиация саласының маманы. Күйеуі Айдар Әбішевпен академияда бірге оқыған.

Жергілікті тұрғындар мұнда ұшақтардың күнделікті таңғы сағат алты жарымнан бастап ұшатынын айтуда. Тіпті электр тоқтары мен үйлердің жақын орналасуы оларға кедергі емес екен.

Бір қызығы болашақ ұшқыштарды дайындайтын «Азем» аэродромының ұшу алаңы жеке қолдағы ипподромның ортасында орналасқан. Ал атқамінерлер қазірше құрғақ жауап қайтаруда.

«Әуе кемесі бір жағына аунап барып, құлаған. Ол толығымен қирап, жанып кетті. Ұшу кезінде ауа райының қолайлы болғандығы белгілі. Сондықтан апатқа себеп болатын өзге жайттар қарастырылады»,-дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директоры  Жәнібек Тайжанов.

Ал сұмдық оқиғадан шошып қалған тұрғындар өз-өзіне келе алмай отыр. Адамдардың ба, үйдің бе үстіне құласа, не болар еді дейді олар.

Оқи отырыңыз:

Жыландар мен кесірткелер Алматыда жер сілкінетіндігінен алдын ала белгі берген

Үндістанда сот зорланған 10 жасар қыздың аборт жасауына тыйым салды

Алматыда жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар

Талқылау