Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды. Олар бір жарым жастағы балаларының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

565656

Бұл туралы 31 арна хабарлап отыр.

Айтуларынша, күре тамырға тамшылатып дәрі құйған кезде қан тоқтата алмаған ақ халаттылар әу баста салғырттық жасаған. Ата-ананың жанайқайын Самал Қабышева жеткізеді. Төрт күн бұрын ғана баласын ауруханаға әкелген ана бүгін ұлының сүйегін әкетіп барады.

Қайғылы жағдай Көксу ауданының ауруханасында болған. Ата-ананың сөзінше, бар кінә дәрігерлердің салғырттығынан болған.

“Бала қансырап содан өлді. Негізгі жауапкершілік күре тамырдан шыққан қанды тоқтата алмаған дәрігерлердің білімділігінің төмендігі. Қабілеті төмен. Әрі жауапкерсіз”, – дейді Көксу ауданының тұрғыны, баланың атасы Әкпәр Меденбек.

Небәрі бір жарым жастағы Ақжолдың іші ауырған соң, анасы ауруханаға әкеледі. Үш күн алған емнен соң жағдайы жақсарған ұлдары отбасына оралады деген жақсы жорамал да жоқ емес еді. Алайда баланың күретамырына салынған система Ақжолдың өмірін тоқтатты, – дейді анасы. Қан тоқтамай, сәби қансырап қайтыс болған. Ал көз жұмған Ақжолды емдеген дәрігер баланың жағдайы қатты ауыр болғанын айтып отыр.

“Бала ағзасында инфекция болды. Ол соны көтере алмады. Тіпті балада тырыспа да болды. Ауру асқынып, мида ісіктің пайда болуына әкелді”, – дейді дәрігер-анестезиолог Владимир Ким.

Бір жарым жастағы ұлдарының өлімі ата-ана жүрегін қанжылатты. 10 жыл бойы күтіп, армандаған сәбилерінен бірақ сәтте айырылып қалғандарына әлі де сене алар емес. Тамырға салынған система кезінде дәрігер, не болмаса медбике отырғанда мұндай жағдай болмас еді дейді.

Жансақтау бөлімінде жатқан балаға дұрыс ден қоймады. Есесіне системаны салып, өздері жәйбарақат шәй ішіп отырды дейді Ақжолдың анасы. Енді шәй ішкен мамандарға шара қолданамыз дейді бас дәрігердің орынбасары.

“Әке-шешесі айтты қайтыс болған баланың, сіздер шәй ішіпсіздер. Болған сменді айтамыз. Түсініктеме беріңдер. Шара қолданамыз”, – деді Көксу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғани Ағыбаев.

Ал ата-ана дәрігердің балаға қойылған мынандай диагнозымен үзілді-кесілді келіспеді. “Поражение центральой системы, токсоплазма, тұмау тиген. Өкпесінде де. Оң жағында. Ақау бар”, – деп отыр Ғани Ағыбаев.

Шарасыз күйде қалған ата-ана енді сотқа жүгінбек. Құзырлы орган Көксу ауданының ауруханасындағы мамандарға тиісті шара қолданады деген үмітте.

Оқи отырыңыз:

Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)

7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді

Тұрсынбек Қабатов Алматыға жалғыз кеткен келіншегімен ренжісіп қалды

“Алмас қылыш» фильміндегі 20 тарихи қателік

 

Талқылау