Алматы облысында ұрылар секс-шоп дүкенінен бірталай затты қолды қылған
Алматы обылысының Көкөзек кентінде 4 наурыз күні ұрылар жергілікті секс-шоп дүкенінен 3 мөшек фаллоимитатор, эротикалық ішкиімдер мен костюмдерді қолды қылған.
Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.
Бұдан бөлек ұрланған заттар тағы бар. Олардың бәрін құжатқа толтыруға полицейлер ұялған көрінеді.
Эротикалық заттардан басқа фотоаппарат, пневматикалық қару, дрель, бұрауыш т.б. заттар ұрланған. Секс-шоп дүкенінің иесі Игорь Цепляевтің айтуынша, дүкенді жергілікті тұрғындар тонаған болуы мүмкін.
«8 наурыз мерекесіне сый ретінде әйелдеріне беру үшін жас жігіттер алған шығар», – дейді ол.
Эрик Аубакиров
Талқылау

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
Уәлихан Умиров: "2 миллион теңгеден аса айлық аламын"

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
Адвокаттар бұл істе барлық кінәлі сотқа тартылмағанын айтты