Алматы облысында полиция бір мезетте 40 үйді тонап кеткен ұрыларды іздемей қойды
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында кеше 7 тамыз күні түнде ұрылар бірнеше үйдің ойран-топырын шығарып, тонап кеткен.
Бұл туралы Фейсбук қолданушысы Айжан Құлмұханбетова өз парақшасында жазды. Ол қаншама қылмыс болып жатса да міз бақпайтын, қызметтеріне салғырт қарайтын полиция қызметкерлерін кінәлаған.
“Үйімізді жарты сағаттың ішінде тонап кеткен. Ал милициямыз әлі жоқ. Участковый милициялардың телефондары жауап бермейді. Алдында сонша айтып жүрдім, біз жақта ұры көп деп. Бір рет келіп рейд жасаған милиция қызметкерін көрмедім. Соншама ұрлық жасалып бір рет не мәселе деген әкімдік қызметкерлері жоқ”, – деп жазады ол.
Ал бірнеше сағаттан соң телефонды көтергеннен кейін тәртіп сақшылары зардап шеккендердің өздеріне дүрсе қоя берген.
“4 сағаттан бері шақырған милициямыздан хабар жоқ. Хабарлассам күтіңдер деп өзіме ұрсады. Еңбекшіқазақ ауданы үлкен, сонша үлкен ауданға бір сменға екі ғана патруль қою дегенің сұмдық қой. Участковый милицияға хабарластым, Қайрат дегенікі сөндірулі, Самат дегені қайта-қайта өшіріп тастайды. Телефонды алып “не жағдай?” деуге сұрауға шамасы жетпеді. Мені өлтіріп жатыр десекте “6 сағат күте тұр” дейтін шығар маған. Жоғалған затты уайымдамаймын, дегенмен ішім ашып отыр. Заттар мен ақшаны айтпағанда менің документтерімді не істейді деген сұрақ мазалайды”, – деп жазады ол.
Оқи отырыңыз:
Тоқтар Төлешовтың Rolls-Royce және Bentley көліктері сатуға шығарылды (фото)
Пара бергені үшін Сингапурда сотталған қазақстандық қыз елге оралды
Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті