Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушының ата-анасы мұғалімді ұрып тастады

Оқиға Алматы облысы Боралдай кентіндегі Кенен Әзірбаев атындағы №15 мектепте болды.

6-сынып оқушысы ата-анасына өзін мұғалімнің ұрғанын айтып барады. Бұл істің мән-жайын анықтамаған анасы мен әпкесі мектепке барып, мұғалімді сабап тастайды. Қазір мұғалім емханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, мұғалім бас ми жарақатын алған. Мұғалім мен ата-анаға араша түспек болған тағы бір мұғалім де жарақат алған. Оның қолы жарақаттанған.

Оқушының ата-анасы пікір беруден бас тартты. Мектептің орынбасары Арман Сүлейменов пен өзге мұғалімдер тәжірибелі маманның қол көтеруі мүмкін емес екенін айтты.

 

 

Талқылау