Алматы облысында оқушыны өлтірген жасөспірімдер сотталды
Алматы облысында 15 жастағы Шахзат Махаметовтың өліміне айыпты үш жасөспірім бес жылдан сегіз жылға дейін сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Тергеу ісі бойынша, 2015 жылы 18 қарашада Талғар мектебінің екі оқушысы төбелескен. Іс бойынша параллель сынып оқушысы негізгі күдікті болған, ол Шахзат Махаметовты құрсақ өрімінен ұрып, салдарынан оқушының көкбауыры жарылып кеткен, жерге құлаған кезде, мойын омыртқасы мен бас сүйегі сынған.
“2017 жылы 21 шілдеде Алматы облысы №2 мамандандырылған ауданаралық ювеналды сотында үш жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Олардың екеуі ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі (Арандатушылық), 106-бабы 2-бөлігі 5,11-пункті (Қасақана денсаулығына ауыр зиян тигізу) бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандықтарынан айырылды”, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тағы бір жасөспірім ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)
СҚО-да 10 жасар бала өз өміріне қауіп төнсе де сәбидің өмірін сақтап қалды
Кешірім сұрады: Ақтөбеде 2500 теңге үшін кафе әкімшісін өлтірген жігіттер сотталып жатыр