Алматы облысында өгей қызын тістеп тастаған ер адамның соты басталды
Алматы облысында 3 жасар өгей қызын тістеп тастаған ер адам сот алдында жауап берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Сот тыңдауы Қарасай аудандық соты ғимаратында жабық режимде өтіп жатыр.
Қызының құлағын тістеп алған Ринат Қонқабаевқа ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағы 3-ші және 11-тармақшасы бойынша айып тағылды.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында әлеуметтік желіде 31 жастағы өгей әкесі тістеп тастаған үш жасар қыздың суреттері жарияланған болатын.
Суреттерді таратқан әйелдің айтуынша, ер адам өгей қызының мұрнын қыршып тістеп алған.
Өгей әкесінен жәбір көрген бала 20 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді
Баланың зорланғанын жоққа шығарған вице-министр ақталуға тырысты
Сағадиев: «Қолтырауын», «ғаламтор», «перне тақта» секілді сөздер қолданыстан шығуы мүмкін
Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек