Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қолмен балық аулағандар жазаланатын болды

Тегін балыққа қарық болғандар жазаланбақ. Су жануарларын заңсыз жолмен аулаған бір топ адам айыппұл арқалайтын болды. Олардың бұл әрекеті түсірілген видео 3 күн бұрын әлеуметтік желіде тараған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі бейнежазбаны зерттеп, оқиғаның Алматы облысындағы Боралдай ауылында болғанын анықтаған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ер адамдардың балық аулауға білек сыбана кіріскені сонша, суға киімдерімен кіріп кеткен. Сөйтіп, шоршыған балықтарды қармауға тырысуда. Анықталғандай, бұл «Илирригация» кәсіпорнына қарасты жасанды су қоймасынан ағызылған су екен. Бұған дейін, сол жердің тасқынға дайындығын тексеру барысында, оны жалға алушылардың бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталған. Сөйтіп, қойманы дереу жөндеу туралы шешім шығыпты. Бұл үшін ондағы суды ағызуға тура келген. Міне, жергілікті тұрғындар осы сәтті пайдаланып, жаппай балық аулауға кіріскен екен. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жануарларды қолмен аулағандарды жазаға тарту туралы полицейлерге хат жолдамақ.

«Алдымен, су қоймасының зақымдалған бөлігін жедел жөндеу туралы шешім қабылданған. Кейін оны судан босату қажеттілігі туындады. Бұл туралы жалға алушыға алдын ала ескертілген. Ал, ретсіз балық аулау шаруашылыққа ие адамдардың келісілмеген әрекетінің салдарынан туындап отыр», – дейді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында күйеуін «есек» деп балағаттаған келіншекке айыппұл салынды

Алматыда тәулік бойы ашық болатын тегін мұз айдындары ашылды

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде қар жауады

Алматыда қазақстандық «Ник Вуйчич» өз кумирімен кездесті

Талқылау