Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қарамағындағыларды балағаттай беретін әкім жұмыстан қуылып тынды

Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтасыновтың ісін облыстық Мемлекеттік қызмет департаменті бірнеше ай бойы қараған. Әкімдік қызметкерлері жиналыстардың бірінде жазып алған аудио жазбаны аталмыш департаментке жолдаған.

____

Жазбада әкімнің дауысына ұқсас адамның қарамағындағыларды балағаттап жатқаны естіледі. Тексеру кезінде бұл факті расталды.

Алматы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі бірер күн бұрын Ұйғыр ауданына жаңа әкімнің тағайындалғанын хабарлады.

“Ұйғыр ауданын Тохтасыновтың орынбасары Шухрат Нұрханов басқарады. Оны активке облыс әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашева таныстырды”, – деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.

Ал экс-әкімнің қандай қызметке барғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз:

Президент тиімсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауды доғару керектігін айтты

Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек

Абаев: Жеке өзімде WhatsApp пен Instagram істеп тұр

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Талқылау