Алматы облысында ер адам өзін екі баласымен бірге өртеген оқиғаның жай-жапсары анықталды
Өрт кезінде зардап шеккен қыз тірі, дәрігерлердің бақылауында.
Өрт кезінде қатты күйіп қалған он сегіз жастағы бойжеткен тірі, бірақ хал үстінде жатыр, – деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы түбіндегі Өтеген батыр ауылындағы жатақханалардың бірінде өрт болды.
Кейінірек анықталғандай, 44 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген екен. Өрт салдарынан ер адам мен оның 13 жастағы ұлы қаза тапты, ал 1999 жылы туған қызы қатты күйік алып, аудандық ауруханаға жатқызылған.
“Қаза тапқан ер адамның қызы да көз жұмғаны туралы БАҚ-та жарияланған мәлімет қате. Өрт кезінде бір отбасы мүшелері ажал құшты, бірақ зардап шеккен қыз тірі. Ол аудандық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр”, — деп ақпарат берді ІІД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді
Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді
Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді
Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)