Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында баласын сатпақ болған әйел 8 жылға сотталуы мүмкін

Талдықорғандағы ойыншық дүкенінің алдында ол нәрестені 400 мың теңгеге алмастырған. Енді өзі қамауға алынып, бала қазірше дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды КТК.

20161101124824

“Соматикалық аурулары жоқ, анасының қасында болмағанына байланысты қазір жасанды тамақтануда. Керекті анализдер алынды, барлық талдаулар қалыпта.  Анасының қасында болып үйренген 3 айына дейін. Анасына іздеу жарияланды”, – дейді Алматы облыстық ауруханасының педиатры Жанар Керімбекова.

Ауруханаға жіберілген үш айлық баланың жағдайы қазір қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Бірақ анасынан ажырап қалған соң нәресте мазасызданып, жасанды тамақтанудан бас тартқан. Сондықтан анасы полицейлердің қадағалауымен келіп, оны емізуде. Әйелдің өзі Қазақстанға биылғы көктемде жұмыс іздеп келген екен. Өзбекстанның азаматшасы тергеу аяқталғанша темір торда отырады. Бұл бап бойынша ол енді 8 жылға бас бостандығынан және аналық құқығынан айырылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Алматы полициясы өмірі мектепке бармаған, дәрігерге қаралмаған қос егізді тауып алды

Жұмыс уақытында мешітке барған мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолданылуы мүмкін

Дін министрлігі: Елімізде қысқа балақ пен ұзын сақалға тыйым салынбайды

Талқылау